Таласбек Әсемқұлов дүниеден өтті
Бөлісу:
26.09.2014
4213
Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Бүгін жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов дүниеден өтті.

Жазушы 1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген.
1976-80 ж.ж. – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінің қазақша бөлімінде оқыған.
1980-83 ж.ж. – Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері.
1984-87 ж.ж. – Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор.
1987-98 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі.
1998-2006 ж.ж. – Республикалық «Жұлдыз» әдебі журналы сын бөлімінің меңгерушісі.
Проза, сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан.

1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан. «Әдебиет порталы» интернет-жобасы қара орман қазақ еліне, жазушының жақын достарына, туған-туыстарына, отбасына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта болсын!
Бөлісу: