Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мазмұн

«ҚЫСҚАША МАЗМҰН» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

 

Құрметті оқырман! 

Сізді «Қысқаша мазмұн» арнайы жобасына атсалысуға шақырамыз. «Қысқаша мазмұн» арнайы жобасы – Әдебиет порталының айрықша бөлімі болып табылады.  Біздің порталымыздан аңыз, дастан, поэма, роман, пьеса, пэзия, ғылыми зерттеу мен деректер және тағы да басқа әр түрлі әдеби жанр шығармаларының қысқаша мазмұнын оқуға әрі танысуға, виртуалды кеңістіктегі оқырмандар арасында пікір мен хат алмасуға және өзіңіз оқыған кітаптың қысқаша мазмұнын жариялауға мүмкіндігіңіз жасалған. Біз қазақстандық белсенді интернет оқырмандарына бір-біріне өзара көмектесіп, әдеби байланыс жасауға ашық алаң құрудамыз. Жоба Сізге қысқаша мазмұнды оқып және орналастырумен ғана шектелмейді, бағалау, пікір жазу, достарға әлеуметтік желілер арқылы ұсыныс жасауға және орналастырылған мазмұнға рецензия жазуға мүмкіндік береді. Біздің жоба, әдеби шығармаларды толық оқудан бас тартуға итермелемейді, керісінше көркем әдебиетті әрбір оқырман  өмірінің маңызды бір бөлшегі ретінде қабылдауға шақырады.

Егер Сіз, өзіңіз оқыған кітаптың қысқаша мазмұнын біздің порталда жариялағыңыз келсе, портал редакциясына қысқаша мазмұнның электрондық нұсқасын жіберуіңізге болады. Электрондық пошта: adebiportal@kzcontent.kz

 

Портал жаңаруын назарда ұстап, белсенді қатысып отырыңыздар!

Сәттілік тілейміз!

Көп оқылғандар