Жүсіпбек Қорғасбек
Жүсіпбек Қорғасбек - 1961 жылы 6 ақпанда Алматы облысының Әулиеағаш ауылында туған.
1984 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистік қызметті республикалық «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастаған. «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысып, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінің бас редакторы, балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болды. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі.
1985 жылы «Жалын» баспасынан «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағы, 1995 жылы «Жансебіл» атты повестер мен әңгімелер топтамасы, т.б. кітаптары жарық көрді. «Жансебіл» кітабының негізінде түсірілген осы аттас көркемфильм киносценарийінің авторы.
2001 жылғы «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998). «Құрмет» орденінің иегері (2019).
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)