Кнут Гамсун
Кнут Гамсун (норв. Knut Hamsun, шын аты Кнуд Педерсен (норв. Knud Pedersen); 1859 жылы дүниеге келген, 1952 жылы дүниеден өткен) — норвегтік жазушы, 1920 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Гамсун 1859 жылдың 4 тамызында Вега приходы Гудбрандсдален аңғарында дүниеге келген. Ол тігінші Петер Педерсеннің ауылдық жанұяның төртінші ұлы болған. Кедейшілікте өмір сүрген, тоғыз жасынан бастап атасының кеңсесінде жұмыс жасаған. Ол көптеген кәсіп алмастырғаннан кейін 1873 жылдан бастап жиһанкездікпен айналыса бастайды. 17 жасынан бастап жаза бастаған. Алғашқы кітабы Жұмбақ адам. Норлэндтік махаббат тарихы (Den Gaadefulde. En kjærlighedshistorie fra Nordland) 1877 жылы жарияланған. Жас кезінде көп саяхат жасаған, әсіресе АҚШ-та. 1888 жылдан кейін Копенгагенде орнығады. 1890 жылы Гамсунның «Аштық» (норв. Sult) жаңашыл психологиялық романы жарық көріп, оны абыройлы етеді.
1890 жылдары, әсіресе 1900 жылдарда Гамсун әлемдегі ең танымал жазушылар мен модернизм драматургінің бірі болып, Ресейге өте танымал және бірнеше рет еңбектерін аударған.
1898 жылы Гамсун Берглиот Бехпен үйленіп, некеде сегіз жыл болған. Ол 1909 жылы екінші рет актриса Мари Андерсенға үйленеді. Мари тойдан кейін өзінің мансабын тастап, Гамсунмен өмірінің соңына дейін бірге болады. 1918 жылы ерлі-зайыптылар Нёрхольмде үй сатып алады және Гамсун өмірінің соңына дейін сонда өткізеді.
1920 жылы Гамсунға «Жердің шырыны» (норв. Markens Grøde) көлемді еңбегіне әдебиет бойынша Нобель сыйлығы берілген. 1943 жылы Гамсун өзінің Нобель лауреаты медалін Насихат министрі Үшінші Рейх Геббельске берген.
Гамсун өзінің шығармасында былай жазған: «Қазіргі заманғы психолог ретінде, мен жанды зерттеп және оны жандандыруым керек. Оның ең құпия тереңдігіне кіріп, барлық көзқарастар арқылы бойлай және көлденеңнен зерттеуім қажет».
Соғыс аяқталғаннан соң Гамсун сотталады. Ол жасы ұлғайғаны арқасында түрмеден қашып, мемлекеттік айып тағылып айыппұл төлейді. Кейіннен ол сот процесін «Шөп басқан соқпақ жол» деп жазған. Жазушының ұлы Арильд, 1943 жылы «Kurt Eggers» СС арнайы пропаганда полкі құрамындағы, арнайы пропаганда взводында әскери корреспондент болып қызмет етеді. Соғыстан кейін Гамсун бірнеше уақыт қарттар үйінде өмір сүреді, 1950 жылы Нёрхольмге оралады.
Жазушы 1952 жылдың 19 ақпанында дүниеден өтеді. Оның толық шығармалары, ол дүниеден өткеннен екі жылдан кейін жарыққа шығады.
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)