Виль Галиев
Виль Галиев Зайнуллович – ХVII-ХІХ ғғ. қазақ-орыс қатынастары, мәдени байланыстар, отарлық саясат, ұлт-азаттық күрес, төңкеріске дейінгі кезең бойынша кітапхана ісі және әдебиеттерді библиографиялау мәселелерін зерттеуші маман, тарих ғылымдарының докторы (1983), профессор (1986).
С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдады (1960), В.В. Востровтың жетекшілігімен Маңғышлақ (1957) және Қызыл-Орда (1958) этнографиялық экспедицияларына қатысты, университетті бітіргеннен кейін Түркістан педучилищесінде жұмыс жасады (1960-1961), С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті тарих кафедрасының аспиранты (1961-1964), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент, профессор (1968-1990), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа тарих бөлімінің меңгерушісі (1990-1995), Институттың бас ғылыми қызметкері (1995 ж. бастап).
Жаңа заман тарихы проблемалары бойынша түрлі жалпыодақтық және халықаралық конференциялардың қатысушысы. ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитеттің тарих ғылымдары бойынша эксперттік кеңес құрамында жұмыс жасады. Ұлттық кітапхана және Орталық ғылыми кітапхананың қызметкерлер тобына кітапханатану және библиография мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасады. Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында сирек кітаптар мен қолжазбаларды (оттиск) анықтаумен айналысты. Екі тарих ғылымының кандидатын даярлады.
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)