Камал Смайылов
(24.4.1932, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылы – 25.6.2003, Алматы) – жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (1975), профессор (2000]). 1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1954 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің редакциясында бастаған.
“Білім және еңбек” журналының тұңғыш редакторы (1960 – 1962), Қазақстан комсомолы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы (1971 – 1973), ҚазКСР мемлекеттік кино комитетінің төрағасы (1973 – 1977), Республика Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977 – 1980), ІКСР мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1980 – 1986), Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1986 – 1988), “Парасат”, “Қазақстан коммунисі” (“Ақиқат”) журналдарының бас редакторы (1988 – 1993), Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (1993 – 1996) сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, профессор. Кино теориясы мен тарих кафедрасының меңгерушісі болды (1996 – 2003).
К.С.Смайылов 9 – 11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, 12-шақырылған ҚР-ның халық депутаты болып сайланды.
Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры” кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды.
Смайылов басқарған тұста Қазақфильм киностудиясы “Әкелер жері”, “Ән қанатында”, “Артымызда Москва”, “Тақиялы періште”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Мәншүк туралы ән”, “Шоқ пен шер”, “Көксерек”, “Транссібір экспресі”, т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты.
К.С.Смайылов қазақ теледидарында көп сериялы “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында” фильмін өмірге әкелді.
К.С.Смайыловтың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді.
К.Смайыловтың еңбектері:
- «Сенің бақытың» (1960)
- «Жолданбаған 27 хат» (1992)
- «Елім саған айтам, ел басы, сен тыңда!» (1998)
- «Жеті қыр бір сыр» (2000)
- Үш томдық шығармалар жинағы (2003 - 2004)
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)