Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жұмбақ
Жөңкиді бұлттар дүркіреп...

03.07.2023 360

Жөңкиді бұлттар дүркіреп 6+

Жөңкиді бұлттар дүркіреп - adebiportal.kz

Жақан СМАҚОВ

*   *   *

Шыны да кеседі, 

Жерді де теседі,

Ал жұрт осыны

Темірден,

Болаттан 

Қатты деседі.

                                     (алмас)

*   *   *

Күнді үйге кіргізіп,

Айды үйге қондырған.

Жапқанда  – жылылық,

Ашқанда тоңдырған.

Әлемнің көзі ол

Үйіңнен қарайтын.

Бұл жұмбақ оп-оңай,

Жұмбақшы болса егер жарайтын.

(терезе)

 

*   *   *

Сұлудың сұлуы,

Бойында жоқ жылуы.

                                                      (ай)

*   *   *

Әлемдегі тіршіліктің иесі,

Адам, ауа, тау, тас, су –  оның тиесі.

Адамдардың ата мекен тұрағы.

Тәулігіне кіндігінен

Бір айналып тұрады.

Бұлттар толы құшағы, 

Күнді айналып ұшады.

(жер)

 

*   *   *

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза жерге сарт етті.

(найзағай)

*   *   *

Үйге кірген ақ бала,

Шыға келді қап-қара. 

                                                        (көсеу)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар