Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жұмбақ
Тапқыр болсаң тауып көр......

10.08.2023 831

Тапқыр болсаң тауып көр... 0+

Тапқыр болсаң тауып көр... - adebiportal.kz

Нұржан  КӘПҚЫЗЫ

Түз тағысы қыраны,

Өте сақ, тым қырағы.

Өзі епті қайсар құс,

Ағаш басына ұя салған,

Орманды мекендеп қалған. (Қаршыға)

 

***

 

Қасқырды да аулайды,

Қанаты да талмайды.

Ұясы қия-жартаста,

Өзі қыран марғасқа.  (Бүркіт).

 

***

 

Қауырсыны қап-қатты,

Жұбымен қанат қақты.

Құз-жартаста ұясы,

Көзі сондай  қырағы,

Өзі түздің қыраны.    (Бүркіт).

 

***

 

Орман, түзді сағалап,

Жеміс-жидек асаған.

Зиянды жәндіктерді теріп жеп,

Қыруар пайда жасаған.  (Қрғауыл).

 

***

 

Жүзгіш құс атанған,

Аяғы қысқа, мойыны ұзын.

Тамағы-балық, шаяндар,

Қырмаңдар оны аяңдар.  (Аққұтан).

 

***

 

Маңдайында төбелі,

Жәндік-оның қорегі.

Қауырсыны қап-қара,

Мекендейді далада,

Түрі оның қарала.   (Қасқалдақ).

 

***

 

Орман, тауларда,

Ұшып , заулайды.

Жемін түнде қаузайды,

Зиянкестерді аулайды.   (Үкі)

 

***

 

Қанатвы мен жотасы,

Қара қоңыр түсті.

Мекендейді қыратта,

Аң мен малдың,

Етін жейді бірақта.  (Құмай).

 

***

 

Қауырсыны қара ала,

Ұшып жүреді далада.

Талғамайды жемді де,

Зиянкес жәндіктерді жейді де,

Көп пайда келтіреді.  (Сауысқан).

 

***

 

Адамға адал жүрегі,

Тынымсыз ұшып жүреді.

Жіңішке, ұзын қанатты,

Адамның досы санапты.  (Қарлығаш).

 

***

 

Өзен-көлді жағалап,

Топ-топ болыпмжүреді.

Сирақтары сидиған,

Мойындары қылқиған.

Балапаны да, өзі де аппақ,

Оны кім біліп таппақ.   (Аққұтан).

 

***

 

Балпаң-балпаң басады,

Кісі көрсе қашады.

Қанатымен су шашып,

Айналаны салқындатады.  (Үйрек).

 

***

 

Құз-жартастастың  қиясы,

Қол жетпесте ұясы.

Өзі сүйір қанатты,

Жанары ұшқын атты.

Топшысы сіңірлі келеді,

Бұл құсты кім біледі?   (Лашын).

 

***

 

Мамық ,жұмсақ  жүні де,

Естілмейді үні де.

Тез тестиді дыбысты,

Биікке ұшып, самғайды,

Түнде жемін улайды.  (Үкі).

 

***

 

Бақа-шаян қорегі,

Көп қой оның әлегі.

Мекені  өзен, көл екен,

Пайдасы оның көп екен .  (Әупілдек).

 

***

 

Үйірлі жануар,

Тікірейген жалы бар.

Есекке ұқсастығы тағы бар,

Терісінен былғары да алынар. (Құлан).

 

***

 

Жүні қалың, бағалы,

Терісін де алады.

Басы менен көзі үлкен,

Киім де болар жағалы. (Жанат).

 

***

 

Сүп-сүйір қанатты,

Саусақтары керемет.

Қарағайлы орманда,

Жеміс-*жидек қорегі,

Топ-*топ болып өреді.

Сүп-сүйір қанатты,

Саусақтары керемет. (Қызылаяқ).

 

***

 

Тұла бойы сіңірлі,

Имек мойын өзі ірі.

Денелі де,өзі ірі,

Шөлге келер төзімді,

Іс тындырар бір өзі. (Түйе).

 

***

 

Құғақ жерде тұншығады,

Суға жүзсе құлпырады.  (Балық).

 

***

 

Су жүрек қорқақ,

Сыбдырдан да қорқады.

Селтиіп екі құлағы,

Елеңдеп ылғи тұрады. (Көжек).


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар