Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жұмбақ
Таза баламен достасады...

03.07.2023 365

Таза баламен достасады 12+

Таза баламен достасады - adebiportal.kz

Жақан СМАҚОВ

 

*   *   *

Арадай тіс-тіс еді,

Шалғыдай шөпке түсті.

Бірақ шөпті шаппайды,

Ойламаған таппайды.

(тарақ)

 

*   *   *

Ағайынды бес бала,

Бір үйге кіреді,

Бес бөлек жүреді.

(саусақ пен қолғап)

 

*   *   *

Ақ тақырды тұмсығымен сүзеді.

Ою  – өрнек түзеді.

Сенің оқып-білгенің,

Соның жүрген ізі еді. 

(қалам)

 

*   *   *

Екі бірдей қайқы атым,

Қарда ғана қарғиды.

(шаңғы)

*   *   *

Таудан түссем –  тоқтауды білмейді,

Тауға қарап тартсам да, жүрмейді.

(қол шана)

*   *   *

Бала мысық киіміңді тырнайды,

Бірақ ешкім ұрмайды.

Таза баламен достасады, 

Қожалақпен қастасады.

(киім шөткесі)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар