Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Өлең
Мен дәрігер боламын...

01.07.2023 681

Мен дәрігер боламын 14+

Мен дәрігер боламын - adebiportal.kz

Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ

МЕН ДӘРІГЕР БОЛАМЫН

Ақ халатты киемін 

 Әппақ болып жнремін

Әппақ болып жүргенді                       

Өзім жақсы көремін. 

 

«Дәрігермін мен» деймін

Кәрі әжемді емдемін. 

«Көп көп ішіп дәріні, 

Кәрілікті жең», деймін.

 

Білем деме,балам!

- «Білем» деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрің білген адам 

Дүниеде жоқ шығар.

 

Көп білуге ұмтылған –

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған  

Көп нәрсені тоқиды.

 

ЕКІ КӨЗІМ СИЯҚТЫ… 

Әжемнің келіп алдына,

Қатарласып тура қап

Мен жақсыма,Қали ма?- 

Деп жарыса сұрасақ:

Сен де жақсы,Қали ма,

Қанатымдай қияқты.

Екеуің де жақсысың 

Екі көзім сияқты!..

 

ШҰБАР ЛАҚ

Шұбар лақ,

Ойынға құмар лақ,

Егіз емес, сыңар лақ

Өзі сыңаржақ

Құлағы пүліштей 

Тұяғы күмістей 

 Көзі - жұлдыздай 

Жүні - құндыздай

Ақ емес шұбар лақ

Ойынға құмарлақ

Шақырсаң келеді 

Билеп береді

                           

ОСЫ-БІЗДІҢ ОҢТҮСТІК

Қауашағын қақ жарган 

Ақматасы ақ маржан

Алмасы аппақ ақақтай 

Жнзімі бар жақұттай 

Түні салқынкүні ыстық

Осы біздің Оңтнстік

Қарбызы бар келідей

Қауыны аттың белідей

Асқабағы аттың беліндей 

Пиязы бар таяқтай

Осы біздің Оңтнстік

 

ТӘТТІ АЛМА

Апорт деген алмамыз

Қыркнйекте піседпіскен кезде алмасаң

Нзіліп жерге тнседі

Әңкелектей апортты 

Мектепке алып  барамыз

Бөліп жеуге пышақпен

Ортасынан жарамыз

Бір апортқа нысапты 

Екі бала тояды 

Тату қылып тәтті алма

Табыстырып қояды.

Кім нені сүйеді

Кесіртке құмын сүйеді 

Тасбақа тыңын сүйеді

СҰңқар шыңын сүйеді

Тұлпар қырынсүйеді

Байғыз түнін сүйеді

Құмырысқа күнін сүйеді

Бала ара гүлін сүйеді

Төрт түлік тқрін сүйеді 

Бақа көлін сқйеді

Боз торғай шөлін сүйеді

Бұлдырық белін сүйеді

Егінші жерін сүйеді

Ер жігіт елін сүйеді. 

 

ҚҰМЫРЫСҚА МЕН ПІЛ

Құмырысұаның илеуін

Аунап дәу піл,таптады

Жауға қарсы жан жақтан

Құмырысқалар қаптады 

Көп құмырсқалар ызалы 

Тәстептіде шағыпты 

Үйдей пілдің арбиып

Құр  қаңқасы қалыпты

Бұзықтық іздеп арсынып 

Бойыңа сеніп зор сынба 

Ынтымықты көп елді

Кіші екендеп қорсынба.                                                                


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар