Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Өлең
Күн тоқыған кілем...

01.07.2023 578

Күн тоқыған кілем 14+

Күн тоқыған кілем - adebiportal.kz

             Мұзафар ӘЛІМБАЕВ

ҚАНДАЙ СӨЗДЕР

Ана-

Ардақты сөз.

Тау- тас -

Салмақты сөз.

Жел-

Қанатты сөз.

Шәкірт -

Талапты сөз.

Жалау-

Дабылды сөз.

Алау-

Жалынды сөз.

Дос жар - 

Мейрлу сөз.

Дала -

Пейілді сөз.

                             

ОН САУСАҚ

Жалғыз саусақ, тіпті де

Ұстай алмас жіптіде

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды 

Жүгіртеді қаламды 

Өнерлі екен он сусақ

Қала салсақжол салсақ 

КӨКТЕМДЕ

 

Көлкіген су аунала 

Малтығып тур тал қайың

Қарады айдын айнаға

Шымшық қағып  таңдайын

Ормандағы от орыны

Ормандағы отты кім жақты 

Кім жатты жырғап тойынып

Көк алаң

Кілем сияқты

Шоқ түсіп қалған ойылып.

 

ТОРҒАЙДЫҢ ХАТЫ

Ана тіл- біздің туған анамыз!

Анамыздай сылап бағып қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміз сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

«анасынан безген ұл»  -деп қараңыз 

Неге?

-Бауырым!

Қол неге екеу?

- Көтерсе жүк ауырынан.

Бірін бірі ұолдасындеп

- Ағайым! 

Көз неге екеу?

- Тағдыры мен талайын

Терең ірек барлайындеп

- Туысым

Аяқ неге екеу?

- Себеп юорлып бірі бірі үшін 

Жердің үстін шарлайын деп.

- Туғаным!

Құлақ неге екеу?

- Тыңдап днрие сырларын, 

Түгелі мен аңдасын деп

Көшпелі Фонтан

Бақтияр аң- таң;

- Көшпелі фонтан 

Теңізде не жүр...

Не іздеп жүр?

- Болма сен аң- таң

Емес ол фантан. 

Kит деген дәу -

Көшпелі тау.

 

АЗАМАТ ӘСЕТ

Әсетжан үйге кіргенде,

Етігін сүртіп тазалап, 

Атасы байұап бірдеме,

Мақтайды;

- Міне, азамат!

Әсетжан үйге келгенде

Пальтосын үйге сілкіп тазалап,

Әжесі бірден көргенде,

Мақтайды: 

- Әсет  - азамат 

 

КӨКТЕМДЕ 

Көлкіген су айнала

Малтығып тұр,тал қайың

Қарады айдын айнаға,

Шымшық қағып таңдайын.

 

АЯНЫҢ АҚЫЛЫ

Айналайын Аяның

Алақаны аялы;

Ая-біздің мейірбан,

Досынан жоқ аяры

Айналайын аяның

Алақаны аялы 

Қолда барын достарын 

Алдына әкеп жаяды 

Айналайын аяның

Алақаны аялы.

         

КҮН ТОҚЫҒАН КІЛЕМ

Күн-

Кілем тоқиды.

Нұрмен тоқиды,

Гүлмен тоқиды

Ол-

Асыл зер кілем

Жалпақ кең кілем

Жерге тең кілем

Ол-

Сенде сиярлық

Елде сиярлық кілем

 

ДОСТЫҢ КҮНІ ДОСПЕН

Жарасымсыз қатар ұскен бұтақтай,

Сөредегі оқылмаған мкітаптай

Оны маған айтатыны көп шығар,

Менің оған айтатыным көп шығар

 Көктем кімге көғілді, кімге көңілсіз 

Алтын шуақ төгілді

Гүлдер жапты өңірді

Жұпар исі сезілді

Көктем кнрі көңілді

Жолдастарым не біліді

Сол көктемнің өзі де

Болмайды екен көңілді

«Еңілік» алған кезінде......

 

АҚСАҚАЛДЫҢ АҚ БАТАСЫНАН

Оқуда алғыр бол,

Ойлауда алғыр бол,

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол,

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол,

Қиынға батыл бол,

Еңбекке батыр бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа көрік бол.

Көгерген Кқздер

Көкеңнің көзі көкпеңбек 

Кім тимек оған шеттен кеп?

Сұрадым соны өзінен

Қай құлын сені тепкен? Деп

Бала емес Көкең жігерсіз

Жаубынан ақ білерсіз

Көріну үшін көктем боп

Олардың дағы көздері

Осындай кілең көкпеңбек...

 

КІМ ҰТЫЛДЫ КІМ ҰТТЫ

Тауға шығып үш бала,

Талай қырды асыпты 

Қажып талып түс ауа

Қарындары ашыпты

Қалған алма екеу ақ

Қалай бөлер оны үшке?

Екі балаСодан ақ

Түскен дейсің керіске.

Мінезіне түсінші 

Бекер күіп пісіпті

Үнсіз түрған үшінші

Арашаға түсіпті

- Қиын емес ол мүлдем

Тепе теңғып бөлейін

Екеуің ал бір бірден

Мен ақ соған көнейін

Не керек бар тартысып

Сен маған бер жартысын

Бұлар соған көніпті 

Жарты -жарты бөліпті

Билік айтқан балаға 

Өз қолынан беріпті

Кім ұқпады,Кім ұтты

Кім ұтылды, Кім ұтты?

 

МҰҒАЛІМ ОЛ БІЗДІҢ

Білімнің кілтіндей

«Әләппе» ұстатқан

Оқуға іркілмей 

Тоқуға ұстартқан

Қамқоры ұл қыздың

Мұғалім ол біздің

Қиынға төзуге

Үйреткен Қашанда

Жаманнан безуге 

Жақсылық жасауға 

Қамқоры Ұл Қыздың

Мұғалым ол біздің

Атамда силайтын

Атамның тұстасы

Папамда силайтын

Ауылдың Ұстазы

Қамқоры ұл ұыздың

Мұғалім Ол біздің.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар