Жәкен Байтуов
Жәкен Байтуов (1891-1962) Қарағанды облысы Шет ауданының Шаруатеңеу деген жерінде дүниеге келген. Халық ақыны. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Ел ішінде қиссашылдығымен, жыршылдығымен, суырып салма ақындығымен танылған. Кезінде Майасар, Болман, Жылқыбай, Тұңғышбек сынды ақындармен сөз қағыстырған.
Жәкен Байтуов Арқаның айтулы айтыс ақындарының бірі. Шет өңірін құраған Биатаның ішінен бүгінде Абайға дейінгі поэзияның шыңы аталып жүрген, философ ақын Шортанбай өмір сүрсе, оның ізбасары да жеткілікті еді. Шортанбай малын шығындап, болыс болғандарды алғашқы сынаушы боп, Абайға жөн сілтеген екен. Сол Шортанбай туған топырақта ойы қазаққа кеткен Қақпан ақын, Күмісбек молла – ғұмыр кешсе, күні бүгін жөні түзу бағасын ала алмаған Қарамеңде, Ақтентек сері дүниеге келіп, елін тамсандырған екен.
Шет өңірінде Жәкен ақынның алдында отызыншы жылдарғы сұмдықтар кезінде мезгілсіз дүниеден өткен Дия қажы, Бабас, Оқа, Түйетай Тоқсанбайдың Ғаббасы тәрізді оншақты ақын бар еді. Олардың реалистік поэзиясы, өмір шындығын аяусыз да бояусыз көрсете алды. Жәкен ақынға әсер етпей қоймағаны анық.
Жәкен Байтуов ескінің көне көздерін де молынан жеткізушінің бірі. Жәкен Қойшы мен қасқырдың, Ақ қой мен қара қойдың айтыстары, Наршөккен, Бірінші майға өлеңдері, «Саржан – Бодық», «Бөрте батыр», Көкжайдақ», «Ақсерке мен Бөрі батыр» сынды бірқатар дастандар жазған. Сал-сал, Абылай, Наурызбай дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.
Жәкен Байтуұлы ескінің көне сөздерін де молынан жеткізушінің бірі. Оның орындауында «Сал-сал», «Наурызбай» қиссаларын бала кезімізде естіген едік. Көне шежірені құлаққа құйып, ертегі-жырын шексіз жырлаған осы ақындардың бүгінгі көңілі ояу интелигенцияға беріп кеткені өлшеусіз. Көңіл ояулық та сол ақындар еңбегі, солардың шапағаты. Бүгінгі ақын-жазушылар көтерілген әдебиеттегі биіктік солардың өмір тауқыметін тарта жүріп, біз жетінші деп тосқан иығының арқасы.
Кенесары атына байланысты талай аяулы азаматтың қуғынға ұшырағанын ескерткен. Мұнан кейін ақын Сержан бейнесіне біраз «Талапқа сай» өзгерістер енгізгенін байқадым. Сержан мен Кенесары қазақ халқының ұлт батыры. Олардың ауыл арасының мықтысынан гөрі алапатының да, көркем бейнесінің де жоғары болуы даусыз. Олар ойына күйе жағуға келмейтін жарқын да қасиетті бейнелер.
Айтыс ақыны Жәкеннің Жамбыл, Нұрпейістер тірі кезінде 1943 жылы өткен І – республикалық айтыста І – орын алған Арқаның дүлділі Маясармен сөз қағысуы оның аса таланттылығының белгісі.
Ақын 1932 ж. қырғын аштықтан, 1937 ж. зобалаңнан, соғыстың ауыр зардабынан тірі қалған халқын өміршеңдікке шақырып, ұлы даланың ұлы мәдениетін сақтап қалуға тырысқанын біз кезінде аузынан естісек, ендігі буын өлеңдерінен көрер деген үміттеміз.
Ел мәдениетіне енді-енді ғана көңіл бөліне бастаған шақта жер-жерде ғұмыр кешкен осындай ақындар еңбегін облыс, аудан мектептері көлемінде оқытуды жылға қою қажет. Ешкімнің өзін танымай өзгеге үлгі алмайтыны анық.
Көп оқылғандар
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»
Қайран, біздің шешелер, арды ойлаған...
Күйреген сенім. К. Ашватха Нараянанрао
Қазақ поэзиясының тарланы Темірхан Медетбек өмірден озды
Дәуірбек Дүйсебай. Байқалдай көл айтады естілігін...
Маржан Ершу. Хиуаз (поэма)
Өнерпаз төрт ағайынды
Майдангер қаламгерлер туралы кітаптардың тұсауы кесілді.
Асан Омаров. АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ТУРАЛЫ ІЛІМІ
Ана – мейірім мекені
Шолпан Балманова. Өмірден түйген ойлар
«Таласбек» сыйлығына өтінім қабылдау басталды!
Басуға тыйым салынған кітап
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Майдангерлер әзілінен
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
Ар безбені (әңгіме)
Үш тағаны берік ақын
Туған жерінен күштеп көшірілгендер трагедиясы жайлы кітап
«...КІТАПТАР бізді жазады»
«ДАРЫН» БАСПАСЫНЫҢ БИІГІ
Елімізде «100 кітап» сауалнамасы басталды
«Абдолла» поэмасы – ерлік пен оттың одасы
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»