Ілия Жақанов
1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылында туған. 1959 жылы Алматыдағы Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетін тамамдаған. 1959 жылы «Қазақстан пионері» газетінің өнер бөлімін басқарды. Осы жылдан бастап композиторлық, журналистік, жазушылық таланты әр қырынан таныла бастады. Алғашқы әндері «Салтанат», «Сағыныш», «Ақ қайың», «Жалғыз қайық», «Жан сәулем», «Алматы кешінде», «Нұрланып меніңдағы туар айым», т.б. ән-романстары халық арасына кең тарады. Журналистік шығармашылығында «Күләш Байсейітова», «Жамал Омарова», «Ахмет Жұбанов» секілді көрнекті өнер иелері жайлы жазған мақала, очерк, деректі әңгімелері газет беттерінде жарияланды.
Музыка және музыканттар өмірінен жазған деректі әңгіме, новеллалары («Қазақстан пионері», «ЛениншілЖас», «Социалистік Қазақстан») жинақталып, «Екі Жирен», «Бірінші концерт», «Аққулар қонған айдын көл» кітаптарында жарық көрді. Музыкалы новелла, эссе жанрын көркейтіп, әлемдік әдебиеттегі Ромен Роллан, Константин Паустовскийлердің эстеттік үлгісін жалғастырды.
1963 – 84 жж. Қазақ КСР Мемлекеттік теледидар және радиохабар тарату комитеті саласында қызмет етті. Осы кездерде Бетховен өмірінен «Айлы Соната», Штраус өмірінен «Вена орманының ертегісі» және Ұлы Отан соғысында екі аяғынан айырылған қазақ балероны жайлы жазған повесі негізінде телеспектакль көрсетіліп, радиода Біржан сал өмірінен жазылған «Бурабайдың бауырында», Абай әні жайында «Қараңғы түнде тау қалғып», Ақан серіден «Балқадиша» радиопьеслары берілді. «Қайта оралған ән», Қош бол, вальс» повестері кітап боп шықты. Оның журналистік, жазушылық, зерттеушілік еңбектері, сан салалы мақала, очерк, деректі әңгіме, музыкалы новелла мен эсселері, телерадиоспектакльдері теледидар мен радионың алтын қорында сақтаулы.
Жарық көрген кітаптары: «Екі Жирен» (1976), «Бірінші концерт» (1979), «Аққулар қонған айдын көл», (1988), «Қайта оралған ән» (1968), «Қош бол, вальс!» (1969), «Махаббат вальсі», «Таңдамалы», (1983); «Ықылас», роман, (1990); «Қарабура», (1997); «Үзілген Ән», (2001); «Бұлбұл әуезі», «Еділ-Жайық», «Зәуреш», «Аққу Әні», «Теміртауда мақпал түн», «Селбай әулеті», «Бір кезде Ақан едім аспандағы», «Сырлы жүрек пернесі», «Дүние шіркін!», «Жүрек пернесі». Екі ән жинағы – «Әнің болып төгілемін», «Ғашықтық әндер». Өз әндерінің жинағы – «Доссор вальсі», «Еділ-Жайық». Екі жүзден астам ән, романстары бар.
Қырғыз тілінде жарық көрген кітаптары – «Қайра таңшыған обон», «Қайран вальс» (повестер), «Керталгоо» (роман). Қырғыз жазушысы Төлеген Қасымбековтің «Сынған қылыш» дилогиясын аударған. Орыс тілінде новеллалары «Вальс любви» деген атпен жарық көрді.
І.Жақанов – Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері; қырғыздың «Дәнекер», Қазақстанның «Парасат» орденінің иегері; Жамбыл Жабаев, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты. Әлеуметтік ғалымдар академиясының, Қазақстан көркем сурет академиясының академигі; мемлекеттік өнер академиясының философия докторы; Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау қалаларындағы мемлекеттік университеттердің құрметті профессоры. 2019 жылы «Отан» орденімен, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Мұқан Төлебаев, Бауыржан Момышұлы медальдарымен марапатталған. Қазақстан Музыка қайраткерлері одағының (1988), Суретшілер одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Еркек-соқпақ
«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырады
Айгүл Үсен. Талантты қаламгер оқырман үшін жазады
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Гүл Зарқұмар. Есімде ғажап нұрға ұқсап (аудармалар)
«Күлтөбедегі» бүгінгі талқы: «Ағыраптағы аты жоқ адам»
Туған жерге кіндікпен байлану (Бір фразеологизм негізінде)
Түркістан әдебиетіндегі постколониалды сын
«Әр адамның өз үні болуы керек...»
Әдебиеттегі Ана образының мәні
Мәтін эволюциясы
ҚАЛА ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Мәтін талдаудың филологиялық негізі
Асқар Алтай. Тасқын тып-типыл қылған «...Табыты»
Кеңес Ілиясұлы шығармашылығы туралы
Бақытбек Қадыр. Шаштараз
Жұбан ақынның елдегі үйі
"Кітапқұмарлар" тобына қош келдіңіз!
«Ән патшасы Шәмші » республикалық драма байқауы
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Күзгі бұралаң жол
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
"Алыс Алтай" Ғалымбек Елубайдың бір әңгімесі жайлы
Қазақ-қырғыз арасындағы көңіл айту дәстүрі
Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығы ашылды
Шерияздан Тайконұлы. Кенші толғауы
Ақын жүрегіндегі иман