Естеу Нүсіпбеков
Ақын, әдебиет зерттеушісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Естеу Нүсіпбеков (1933-2006) 25 ақпанда дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Іле аймағында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1954-1961 жылдары Үрімжіде «Халық» баспасының редакторы, Шыңжаң Жазушылар одағының кеңесшісі, «Шұғыла» журналы редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1961 жылы тарихи атамекені Қазақстанға оралған. 1966-1974 жылдары Алматы облысының Нарынқол ауданындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, одан кейін аталған аудандағы «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен. 1975-1990 жылдары Алматы облысының Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, көп жыл табанды қызмет атқарып, шәкірттері мен педагогтар арасында үлкен абырой-беделге бөленген. 1990-1995 жылдары Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болып жемісті еңбек жолын жалғастырған. Ақынның «Кешіккен сый» атты өлең-дастандары, «Ақ бұлағы жанымның» атты өлең, поэмалары жарық көрген. Сондай-ақ ол қазақ мектептерінің 6-шы және 7-ші сыныптарына арналған «Әдебиет оқулықтарының» авторы. 2007 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан көп томдық шығармаларының «Ақсамала айналам» атты 1-ші томы жарық көрген. 2007 жылы сәуір айында Алматы облысы, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте «Естеу Нүсіпбеков атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті» ашылған.
Көп оқылғандар
Ақын Ерболат Баятұлы алпыс жаста
ЖҮЗІНЕН РАХЫМ НҰРЫ СӘУЛЕ ШАШҚАН
ҚАРА СӨЗДІҢ ҚҰДІРЕТІ
Есенғали боп оралған жаз
«Күлтөбедегі» кезекті әдеби талқы: жаңа роман
Болашағымыз жарқын болсын!
Дахан Жәмші. Таңғы ас тәңірден
ОҚИҒАЛАР АЯҚТАЛДЫ. КЕЙІПКЕРЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР... БҰЛ МҮМКІН БЕ?
«Күнге бет алған керуен»
Қысқа жазудың хас шебері
Әлібек Байбол. Мұтылған: Тұлға деп жүргеніміз кім?
Халің қалай, қазақ мультфильмі?
Күнге бет алған керуен
«Войцек» спектаклінің премьерасы қойылмақ
Франкофон әдебиеті бұрышының ашылуы өтеді
Күзгі бұралаң жол
Қазақ әдебиетіне жаңа образдағы әйел бейнесі керек
Бүгінгі прозадағы классикалық әуен
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Еркек-соқпақ
Толымбек Әбдірайым. Әлемде әуелеген әндер
«Алқа» гранты жалғасуда
Ақын Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл
Мінәттің тағдыры
Кемеліне жеткен реалистік шығармалар дүниеге келген жоқ
Мәтін эволюциясы
«Күлтөбеде» бүгінгі проза: жас қалам – жаңа роман
Айгүл Үсен. Талантты қаламгер оқырман үшін жазады
Ақын Ерболат Баятұлы алпыс жаста
«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне шақырады