Рахымжан Отарбаев алтын медальмен марапатталды
Бөлісу:
Халықаралық «Форум» журналының хабарлауы бойынша, қазақтың қабырғалы қаламгері Рахымжан Отарбаев «Жемісті бейбітшілік шығармашылығы үшін» алтын медалімен марапатталды. Бұл медаль Әлемдік қорлардың халықаралық ассосациясы президенті, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Анатоли Карповтың шешімі бойынша табыс етілген.
Жазушыны әлемдік дәрежедегі әріптестері де құттықтауда. Олардың ішінде белгілі жазушы, Халықаралық "Форум" журналының Бас редакторы Владимир Муссалитин де бар. «Бұл сыйлық сенің бүгінгі мерейтойыңмен тұспа-тұс келіп отыр. Үлкен жетістік Қазақстанның бір ұлының ғана емес, парасат-пайымға бас иетін күллі халықтың қуанышы деп есептейміз. Құрметті Рахымжан, сен үшін қуанып отырмын», - дейді жазушы Владимир Муссалитин.
Айта кетейік, осыған дейін бұл медальді әлем бойынша Назым Хикмет, Пабло Неруда, Джавахарлал Неру иеленген еді. Енді осы тізімді Рахымжан Отарбаев толықтырып отыр.
Бағлан Оразалы
Бөлісу:
Көп оқылғандар
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
Балалар әдебиеті кітаптарын мектепте қалай насихаттау керек? (Заманауи трендтер мен бағыт-бағдарлы әдістеме)
Нұрпейіс Байғанин – ұлт жыршысы
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)