«Островский ‒ ФЕСТ» фестиваліндегі жүлде
Бөлісу:
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театры ұжымы жаңа маусым қарсаңында Ресейде өткен «Островский ‒ ФЕСТ» VII Халықаралық фестивалінде Василий Шукшиннің «Ауыл әңгімелері» қойылымымен өнер көрсетті. Қойылымды режиссер XX ғасырдың 50-60 жылдары кезеңіндегі қазақ ауылына алып келген. Дін мен діл, мораль мен этика бір бағытта көрініс тапқан, сезім мен сүйіспеншілік, ар мен адамдықтың аражігін ашуға ұмтылған кейіпкерлердің қым-қуыт тағдыры оқиғалар өрбіген сайын ширыға түседі. Ауыл өмірі, ауыл тұрғындары жан-жақты көрсетілген, қазіргі қазақ қоғамындағы отбасылардың өзекті мәселелері мейлінше қамтылған бұл қойылыммен аталған театр ұжымы «Кеңестік классиканы ұлттық дәстүрге енгізгені үшін» номинациясымен марапатталып, ел мерейін үстем етті. Қойылым режиссері - Құдыс Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, ұстаз, халықаралық байқаулардың жүлдегері Фархадбек Қанафин, ал пьесаны аударғандар: жазушы-драматург, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы, сыншы Әлібек Байбол және жазушы, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы Елдос Тоқтарбай.
Алдағы маусымда театр көрерменді тың жобалармен, мазмұнды қойылымдармен қуантпақ!




Бөлісу: