Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Әйел құпиясы" шақырады...

23.05.2024 563

"Әйел құпиясы" шақырады

"Әйел  құпиясы" шақырады - adebiportal.kz

Қалибек  Қуанышбаев атындағы 

қазақ  ұлттық музыкалық  драма театры 

29-30  мамыр күндері «әйел  құпиясы»  спектаклінің 

премьерасын  ұсынады

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 29-30 мамыр күндері сағат 19.00-де «Әйел құпиясы» спектаклінің премьерасын ұсынады. Жанры – лирикалық драма. Авторы – Эдуардо Де Фелиппо. Қазақ тіліне аударған – Тасболат Омаров. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов. Композитор – Қайрат Тоқымбетов. Хореограф  - Салтанат Сұңғат. Хормейстер – Ержан Сансызбаев. 

Спектакльде екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Кеңес Нұрланов, Алтынай Нөгербек, Сырым Қашқабаев, Зибагүл Карина, Мәдениет саласының үздіктері Бақытгүл Батырханова, Аманжол Молдахмет, Самат Байыров, Асхат Сұлтан және театрдың жас актерлері өнер көрсетеді. 

Бұл спектакльде біздің қоғам үшін өзектілігі басым тұрған тастанды, жетім балалар және жалғыз басты аналар тақырыбы қозғалады. Яғни, таңдап отырған спектакльде бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырып қамтылған. Қай заманда болса да ел болашағы өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екені анық. «Тәрбие - тал бесіктен», - дейді халқымыз. Сол ұрпақты дүниеге әкелетін, оған тәрбие беретін Аналарымыздың жағдайы бұл күнде қандай? Неге қоғамда тастанды балалар көбейді? Туа салып сәбиінен жерінетін безбүйрек аналар қайдан шықты? Қазіргі кезде жетім балалар үйінде қаншама сәби ана мейірімін, ана қамқорлығын сезінбей өсіп келеді. Ананың аялы алақанынының жылуын сезінбеген бала қатыгез болып өседі. Ондай ұрпаққа қара шаңырақ, туған жер, отан деген ұғымдар жат болуы мүмкін. Дүниені тек байлықпен, ақшамен ғана өлшейтін алпауыттарға не дейміз? Қай қоғамның болса да ең қасиетті құндылығы Ана мен Бала болу керек! Ана - тіршілік көзі, Бала - өмірдің жалғасы! Аталмыш спектакль ұрпағының болашағы үшін жанкешті тірлікке барған ана туралы

Э.Филиппоның «Әйел құпиясы» қойылымы әйел тағдырын қозғайды. Оның көрген қиыншылықтары, тағдыр тауқыметі туралы шығарма. 

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru

+ 7 705 9902595 (whatsapp )


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар