«Ән патшасы Шәмші » республикалық драма байқауы

Бөлісу:

03.05.2024 1114

Түркістан музыкалық-драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың  өмірі мен шығармашылығына арналып жарияланған республикалық драматургия байқауы жалғасуда

Байқау мақсат-міндеті:

- көрнекті композитор,  халық сүйіктісі,  «ән патшасы» атанған 

Шәмші Қалдаяқовтың  тұлғалық феноменін адами-шығармашылық болмысы арқылы ашу;

пьесаның анық драматургиялық  құрылымы  болуы шарт

Өткізу мерзімі:
- пьесалар 2024-жылдың - 8-маусымына дейін қабылданады
- байқау нәтижесі 2024-жылдың 13- маусымында жарияланады.
Өткізу тәртібі:
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) қабылданады. 
- пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы (шрифт Times New Roman-12) және turkistannewtheatre1@gmail.com  электронды поштасына  жолдануы керек.
- байқауға түскен  пьесаларды кәсіби Сарапшылар кеңесі сараптайды.

- жеңімпаз пьеса Түркістан музыкалық-драма театрында 2024 жылы сахналанады   және  1 000 000 тг көлемінде қаламақы беріледі.

                                                                                                                                           Анықтама телефоны – 8 (72533) 5-29-23

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар