ТОЛҚЫН

01.11.2023 849

ТОЛҚЫН

Жарларды шайып екпініменен,

Өркеші биік, тепкіні бөлек.

Шайқалып келіп, шайқалта соғар

Тақымы таудай, ептіні көрем.

 

Кемені тербеп салар әлекке,

Өзі де талмас шабар желөкпе.

Ұйпасын жазбай, ұйытқып тұрып

Жағаға апарар жарар көмекке.

 

Бағытын түзер желдерге қарап,

Бұйрасы өзен, көлдерге тарап.

Мухитта туып, теңізде тулап

Қарасаң кейде үлкен бір қабақ.

 

Табиғат тылсым жаратты нардай,

Тұрарсың дәйім қалай таңқалмай.

Айтарсың мөлдір теңізге әдемі -

«Балығы дардай, толқыны қандай».

... Толқынға мақтау жарасар сондай.

27.04.2023ж.

Бөлісу: