Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Қаршыға Есімсейітова

Қаршыға Есімсейітова

Қаршыға Есімсейітова - 1959 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.1976 жылы Қызылорда қаласындағы 43 мектепті бітіріп, сол жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» ғазетінде еңбек жолын бастаған. 1982 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында қызмет еткен. Қазір «Қазақстан — Қызылорда» телеарнасының редакторы. «Таңбалы тас», «Қорқыт», «МұстафаШоқай», «Сыр өңірінің түлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы тұңғыш жариялайды. 1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1994 жылы «Аңсағай атамекенім» атты кітабы жарық көрді. 1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын жүлдызын» иеленген. Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2004).

01.11.2018
Бөлісу:
Пікір қалдыру: